«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының Балалар көркемөнер мектебі» МКҚК
ГККП «Детская художественная школа города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»​

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының балалар көркемөнер мектебі» МКҚК мөлшерлемесі 23 сағатты құрайтын уақытша бос бейнелеу өнері мұғалімі лауазымына (декреттік демалыс кезеңіне) орналасуға ашық конкурс жариялайды.

Сурет, кескіндеме, композиция, мүсін, бейнелеу өнерінің тарихы академиялық негіздерін, мемлекеттік тілді білу міндетті.

Лауазымдық жалақысы санаты мен еңбек сіңірген жылдарына байланысты 195000 теңгеден 351000  теңгеге дейін.

Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білімберу стандарттарына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасы негізінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Тәрбиеленушілерді оқыту Балалар көркемөнер мектебінің үлгілік білім беру бағдарламаларына сәйкес жүргізеді. Сабақтардың оқу жұмыс бағдарламасын жасап, орындалуын қамтамасыз ету.

Білім алушылардың жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерттеп, шығармашылық қабілеттерін анықтайды.

Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады.

          Электронды журналды толтырып, қысқа мерзімді жоспар құру. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды.       

          Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қызмет тәжірибесін дамытып, дағдылардың меңгеруін ескере отырып, оқытудың тиімділігін бағалайды.      

Дарынды және талантты білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдап, тұрақты кәсіби қызығушылықтар мен бейімділіктерін қалыптастыруға ықпал етеді.

          Әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.

          Ата-аналарға кеңес беріп, ата-аналар жиналысын өткізу.      

          Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.

          Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

        Жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарды орындайды.  

          Білім беру процесі кезіңде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз ету.

Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.

Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінің барлық нысандар, оның ішінде балаларотбасыларының қатысуымен енгізіледі.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидаларын,сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Білуге міндетті:

          Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағытілдер туралы»Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі,

педагогика мен психологияны,

пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін,

оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды,

құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру,

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:      

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды,

және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл.

Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.

Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) ұсыным хат.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде кандидат тарапынан https://hr-nobd.edu.kz/#/sign-in сайтында орналастырылуы тиіс.

Анықтама телефоны: 257244, artschool_kokshe@mail.kz


Текст