«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының Балалар көркемөнер мектебі» МКҚК
ГККП «Детская художественная школа города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»​

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының балалар көркемөнер мектебі» МКҚК мөлшерлемесі 27 сағатты құрайтын уақытша бос бейнелеу өнері мұғалімі лауазымына (декреттік демалыс кезеңіне) орналасуға ашық конкурс жариялайды.

 Сурет, кескіндеме, композиция, мүсін, бейнелеу өнерінің тарихы академиялық негіздерін, мемлекеттік тілді білу міндетті.

Лауазымдық жалақысы санаты мен еңбек сіңірген жылдарына байланысты 244696 теңгеден 315944 теңгеге дейін.

Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білімберу стандарттарына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасы негізінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Тәрбиеленушілерді оқыту Балалар көркемөнер мектебінің үлгілік білім беру бағдарламаларына сәйкес жүргізеді. Сабақтардың оқу жұмыс бағдарламасын жасап, орындалуын қамтамасыз ету.

Білім алушылардың жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерттеп, шығармашылық қабілеттерін анықтайды.

Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады.

          Электронды журналды толтырып, қысқа мерзімді жоспар құру. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды.       

          Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қызмет тәжірибесін дамытып, дағдылардың меңгеруін ескере отырып, оқытудың тиімділігін бағалайды.      

Дарынды және талантты білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдап, тұрақты кәсіби қызығушылықтар мен бейімділіктерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.

Ата-аналарға кеңес беріп, ата-аналар жиналысын өткізу.      

          Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.

 Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

  Жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарды орындайды.  

 Білім беру процесі кезіңде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз ету.

Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.

Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінің барлық нысандар, оның ішінде балаларотбасыларының қатысуымен енгізіледі.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидаларын,сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Білуге міндетті:

          Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағытілдер туралы»Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі,

педагогика мен психологияны,

пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін,

оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды,

құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру,

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:      

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды,

және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл.

Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрықтарының негізінде конкурс жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

  1. осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  7. Психоневрологиялықұйымнананықтама;
  8. Наркологиялықұйымнананықтама;
  9. Ұлттықбіліктіліктестілеусертификаты (бұданәрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердіңбіліктіліксанатыныңболуы туралы куәлік (болғанжағдайда).
  10. 11-қосымшаға сәйкеснысан бойынша педагогтің бос немесеуақытша бос лауазымынакандидаттыңтолтырылғанБағалаупарағы.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:

02000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі 126. Анықтама үшін телефон: 257244, artschool_kokshe@mail.ru

Жаңартылған күні: 04.01.2023 17:26
Құрылған күні: 04.01.2023 17:26

Текст