2022 жылғы 23-24 мамыр күндері мектебімізде жеке шығармашылық жобаны қорғау бойынша мемлекеттік емтихан өтті. Жыл бойы 4 курс оқушылары шығармашылық жобамен жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, мектепте алған бар білімдері мен дағдыларын іске қосып, авторлық ойларын жүзеге асырды. Алайда, жұмысты орындап ғана қоймай, оны қорғау керек. Бұл салтанатты және толқытатын іс-шара, онда ҚР Суретшілер одағының мүшелері, дизайнерлер қоғамының мүшелері, мұғалімдер, ата-аналар және мектебіміздің оқушылары қатысады. Комиссия жұмысына ҚР Суретшілер одағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы, әрі Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері Попов Юрий Григорьевич қатысты. Түлектер өздерінің дипломдық жобаларын қорғау сәтінде туған өлкеміздің аңыздары мен қызықты тарихи оқиғалар туралы баяндады. Олар отаншылдық және азаматтық сезімдерін жеткізе білді. Қазылар алқасының мүшелері БКМ оқушыларының дипломдық жобаларына жоғары және лайықты баға берді.