«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының балалар көркемөнер мектебі» МКҚК 1,5 мөлшерлемесін (27 сағатты) құрайтын уақытша бос бейнелеу өнері мұғалімі лауазымына (декреттік демалыс кезеңіне) орналасуға ашық конкурс жариялайды.
Сурет, кескіндеме, композиция, мүсін, бейнелеу өнерінің тарихы академиялық негіздерін, мемлекеттік тілді білу міндетті.
Лауазымдық жалақысы санаты мен еңбек сіңірген жылдарына байланысты 217 672 теңгеден 287 222 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасы негізінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Тәрбиеленушілерді оқыту Балалар көркемөнер мектебінің үлгілік білім беру бағдарламаларына сәйкес жүргізеді. Сабақтардың оқу жұмыс бағдарламасын жасап, орындалуын қамтамасыз ету.
Білім алушылардың жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерттеп, шығармашылық қабілеттерін анықтайды.
Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады.
Әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.
Ата-аналарға кеңес беріп, ата-аналар жиналысын өткізу.
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарды орындайды.
Білім беру процесі кезіңде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз ету.
Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.
Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінің барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізіледі.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі, педагогика мен психологияны, пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін, оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды, құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды,
және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл.
Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бірлескен бұйрықтарының негізінде конкурс жүргізіледі.
Байқауға қатысуға қажетті құжаттар:
Байқауға қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Байқауға қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:
02000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі 126. Анықтама үшін телефон: 257244, artschool_kokshe@mail.ru