Балалар көркемөнер мектебінде «кескіндеме» және «сурет» пәндерінен бітіру емтихандары аяқталды. 4 курс оқушылары акрил және майлы бояулар техникасын қолдана отырып,натюрморттар, гүлдер, Қазақстанның және туған өлкенің табиғат көріністерін салды.
«Сурет» пәнінен бітірушілер графикалық техникасын қолдана отырып, тарихи тұлғаларды, соғыс ардагерлерін, өз отбасыларының батырларын, ұлттық стилде орындаған натюрморттар, туған өлкенің түрі, ұлттық батырлардың портреттерін салды.
Тапсырмаларды бағалау кезінде келесі мәселелер ескеріледі:
Дұрыс құрылуы;
Сауатты және шығармашылық композиция;
Академиялық талаптарды немесе сәндік тәсілдерді сақтау;
Портреттік ұқсастықты беру;
Жұмыста түс пен тонның ұстамды шешімі;
Таңдалған техникада техникалық тәсілдерін меңгеру;
Емтихан жұмысының аяқталуы;
Алдымызда 4 курс оқушылары композиция пәнінен емтихан тапсырып, жеке шығармашылық жұмыстарын қорғайды.