«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының Балалар көркемөнер мектебі» МКҚК
ГККП «Детская художественная школа города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»​

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру

       «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының балалар көркемөнер мектебі» МКҚК мөлшерлемесі 11 сағатты құрайтын уақытша бос бейнелеу өнері мұғалімі, «Компьютерлік графика және дизайн» пәні лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

        Сурет, кескіндеме, композиция, мүсін, бейнелеу өнерінің тарихы академиялық негіздерін, мемлекеттік тілді білу міндетті.

      Лауазымдық жалақысы санаты мен еңбек сіңірген жылдарына байланысты  88681  теңгеден 117016  теңгеге дейін.

 

Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасы негізінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Тәрбиеленушілерді оқыту Балалар көркемөнер мектебінің үлгілік білім беру бағдарламаларына сәйкес жүргізеді. Сабақтардың оқу жұмыс бағдарламасын жасап, орындалуын қамтамасыз ету.

Білім алушылардың жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерттеп, шығармашылық қабілеттерін анықтайды.

Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады.

          Электронды журналды толтырып, қысқа мерзімді жоспар құру. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды.       

          Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қызмет тәжірибесін дамытып, дағдылардың меңгеруін ескере отырып, оқытудың тиімділігін бағалайды.      

Дарынды және талантты білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдап, тұрақты кәсіби қызығушылықтар мен бейімділіктерін қалыптастыруға ықпал етеді.

          Әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.

          Ата-аналарға кеңес беріп, ата-аналар жиналысын өткізеді.      

          Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.

          Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

        Жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарды орындайды.  

          Білім беру процесі кезіңде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттардың тізімін толтырады.

Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінің барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізіледі.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидаларын,сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Білуге міндетті:

          Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі,

педагогика мен психологияны,

пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін,

оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды,

құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру,

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:      

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін - 5 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін - кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бірлескен бұйрықтарының негізінде конкурс жүргізіледі.

 

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

  1. осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:

02000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі 126. Анықтама үшін телефон: 257244, artschool_kokshe@mail.ru

Жаңартылған күні: 09.09.2024 19:53
Құрылған күні: 09.09.2024 19:53

Текст