Оқушылар 4 курста композиция пәні бойынша, қорытынды аттестацияның аясында оқу жылының барысында жеке шығармашылық жобаны орындайды. Түлектер тақырыпты және орындау техникасын таңдайды, экиздерді әзірлейді.
Бітіру жұмысының барлық орындалу этаптарын комиссия қарайды және бекітеді. Үшінші тоқсанда оқушылар бітіру емтиханы жобасының түпнұсқасымен жұмыс жүргізеді.
29 қаңтарда комиссияның кезекті отырысы болды, онда оқушылар өздерінің жұмыстарын ұсынды. Кесте бойынша жұмыстың 50%орындалуы тиіс. Көптеген балалар жұмыстың осы бағытын жақсы орындауда. Комиссия жұмыстарын түзетті, орындалған шығармашылық жобалар бойынша ұсыныстар, ескетулер енгізді.