2021.27.03 күні Балалар көркемөнер мектебінде мектептің жұмыс жоспарына сай «БКМ-гі түрлі пәндердің оқу материалдарының құрылымдық элементтері арасындағы байланысты орнату және меңгеру сынды пәнаралық байланыс» тақырыбы бойынша педагогикалық кеңес өтті. Баяндаманы тыңдап және талқылап, келесідей қаулы етілді: оқушылардың дербестігі, танымдық белсенділігі мен қызығушылықтарын дамытуға әсер ететін пәнаралық байланыстың даму қызметтерін іске асыру. Өйткені пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі қажеттілігі оқушының әлемнің біртұтас ғылыми бейнесі ретінде бейнелеу өнерінің академиялық базасы туралы тұтас білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Бұдан әрі педагогикалық кеңес жұмысы күн тәртібіне сай жалғасты.