2019 жылғы 16-17 мамыр күндері мектебімізде мемлекеттік емтихан – жеке дипломдық жобаны қорғау өтті. Жыл бойы 4 курс оқушылары шығармашылық жобамен жүйелі жұмыс жүргізді, мектепте алған бар білімдері мен дағдыларын іске қосып, авторлық ойды жүзеге асырды. Алайда жұмысты орындап ғана қоймай, оны қорғау керек. Бұл салтанатты және толқытатын іс-шара, онда ҚР Суретшілер одағының мүшелері, дизайнерлер қоғамының мүшелері, мұғалімдер, ата-аналар және мектебіміздің оқушылары қатысады. Комиссия жұмысына ҚР Суретшілер одағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы әрі Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері Попов Юрий Григорьевич, сондай-ақ Ш.Уәлиханов ат. КМУ көркем-графикалық факультетінің оқытушысы және Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Амиржанова Анар Орынбаевна қатысты. Түлектер өздерінің дипломдық жобаларын қорғау сәтінде туған өлкеміздің аңыздары мен қызықты тарихи оқиғалар туралы баяндады. Олар отаншылдық және азаматтық сезімдерін жеткізе білді. Қазылар алқасының мүшелері БКМ оқушыларының дипломдық жобаларына жоғары және лайықты баға берді. 74 түлектің ішінде үздік қорғап шыққандармен қатар, мақтауға тұрарлық баға алғандар да болды. Олар:
Хаданович Валерия
Кожагельды Гульнур
Егорова Виктория
Петухова Алина
Симоченко Анастасия
Истратова Виктория
Саакян Ангелина
Мельникова Рената
Ли Алина
Мукашева Фатима
Барахоева Милана
Никитенко Арина
Казестай Алия
Иванова София
Актаев Азамат
Актаев Максат
Яковлева Екатерина
Канапина Назиля
Джаниена Эрика
Яценко Анастасия
Косан Айым
Барлық түлектерді дипломдық жобаларды ойдағыдай қорғауларымен құттықтаймыз!