Текст
Қаланың мерейтойына орай, пленэр нәтижелері бойынша «Менің көшемнің тарихы» мектеп сайысының қорытындысы шығарылды. Оқушылардың туған қала туралы білімдерін кеңейтуге ықпал жасау, белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеу, туған қаланы кіші Отан ретінде құрметтеуге тәрбиелеу сынды сайыстың міндеттері орындалды. Жақсы сападағы көптеген жұмыстар ұсынылды. Сайыстың жеңімпаздары мен қатысушылары 1 қыркүйек - Білім күнінде диплом және сертификаттармен марапатталады!