Текст
Жыл сайын, жаздың басында Балалар көркемөнер мектебінде жазғы тәжірибе-пленэрдің қызықты кезеңі басталады. Пленэр бұл «plein air» француз сөзі және суретшінің табиғаттағы жұмысы «ашық ауа» дегенді білдереді. Бұл уақытта оқушылар аудиториялармен қоштасып, педагогтардың жетекшілігімен таза ауаға шығады. Балалар алған білімдерін жаңа ортада қолдануға және жабайы табиғаттан үйренуге мүмкіндік алады. Сабақ уақытында балалар болашақ композицияларға арналған материалды жинайды. Сонымен бірге сызықтық, әуе перспективасы және жоспарлау заңдары сынды пейзажбен жұмыс істеу ерекшеліктерін зерттеп, әртүрлі көркем материалдармен жұмыс істеудің техникалық әдістерін жетілдіреді.