Текст
Жасөспірімдердің арасында буллингтің алдын-алу бойынша іс-шара жоспарын жүзеге асыру аясында Балалар көркемөнер мектебінде "Біз буллингке қарсымыз!" плакаттар көрмесі орналастырылды.
Бір ғана адамға бағытталған агрессияның ұдайы көрінісі, ("буллинг")- мектептерде және балалар ұжымында кең тараған өзекті мәселе, ол мектепте және топта күш көрсету мен агрессияға, оқу үлгерімінің төмендеуіне, көңіл-күйінің бұзылуна және невротикалық мәселелерге әкеліп соғады. БКМ оқушылары күш көрсетуге қарсы күреске өздерінің үлестерін қосты және бар білімдерін бейнелеу өнері арқылы бейнеледі.