Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2022жылға арналған есеп
«Ақмола облысыбілім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының балалар көркемөнер мектебі» МКҚК.Заңды мекенжайы Көкшетау қаласы, Абай көшесі 126.
«Балалар көркемөнер мектебі» МКҚК 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
00403006 «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
000803014 «Педагогтерді аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»
2022 жылы Балалар көркемөнер мектебі 182 қызметті көрсетті; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 0;
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 0;
қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 182.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2021 жылы 172 мемлекеттік қызметті көрсетті;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 1;
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 0;
қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 171.
Атауы |
Барлығы |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы |
электрондық нұсқада |
қағаз түрінде |
2021 |
172 |
1 |
0 |
171 |
2021 |
182 |
0 |
0 |
182 |
Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://vs0004.kokshetau.aqmoedu.kz сонымен қатар, Балалар көркемөнер мектебінде ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері мемлекеттік және орыс тілінде орналастырылған.Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Балалар көркемөнер мектебі нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.
3)мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары).
Ата-аналарды (заңды өкілдерді) консультациялар, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлер біліктілікті арттыру курстарын өтуде, сертификаттары бар, қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының балалар көркемөнер мектебі» МКҚК бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде ұйымда бақылау іс-шаралары барысында жойылған жекелеген сәйкессіздіктер байқалмады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2023 жылы «Балалар көркемөнер мектебі» МКҚК жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
БКМ директоры Ю.Желобкова
Орынд. Н.В.Письмак
Тел.25 72 44