Текст
Ұйымдар тізімі
10.03.2026
Балалар көркемөнер мектебінде мектеп басшысы Юлия Владимировна Желобкованың Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенттерімен кездесуі өтті. Құралай Ғазизқызы Идрисованың ұйымдастыруымен болған іс-шара ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Юлия Владимировна студенттермен өзінің педагогикалық және шығармашылық тәжірибесімен бөлісті. Кездесу соңында «Дудлинг» техникасы бойынша қызықты шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Іс-шара шығармашылық көңіл мен өзара қызығушылық атмосферасында өтті.



