Текст
Әрбір бала - үлкен талант, ал көркемөнер мектебінің міндеті - оны ашу және дамыту. Балалар көркемөнер мектебінде дарынды балалармен жұмыс жүргізу аясында 3 "В" курсының оқушылары Каримова Амина мен Марам Амираның жеке шығармашылық көрмесі өтті. Көрмеде әртүрлі жанрдағы жұмыстар, портрет, пейзаж,тақырыптық композиция, әртүрлі деңгейдегі лауреаттар мен дипломанттардың жұмыстары ұсынылды. Әрбір суретте жас авторлардың жан дүниесінің бөлігі берілген. Керемет әдемі жұмыстарға қарап, әлемнің қандай әртүрлі, сұлу және жарық екендігін түсінесің.