Текст
Дарынды балалармен жұмыс істеу аясында, БКМ-де 3 «Ә» курсының оқушылары Шаймерденова Алуа мен Бурибаева Аяжанның жеке көрмелері өтті. Жетекшілері - Мағзұмов Д.Н., Бабасанова Н.Қ.
Дарынды қыздар сайыстарға белсенді қатысады. Аяжанның айтуынша, ең ұнататын пәндері - кескіндеме және композиция. Ал Алуа үшін барлық пәндер сүйікті болып табылады. Қыздарды отбасылары, басқа адамдардың жұмыстары және музыка шабыттандырады.
Шығармашылық жұмыстар акрил, гуашь, графикалық материалдар сынды түрлі техникада орындалып, көрмеге қосымша сән мен қайталанбас мән берді.