Текст
2024 жылдың 15 қарашасында тәрбие жұмысының жоспары бойынша Балалар көркемөнер мектебінде оқушылар арасында дебат өтті. Дебаттың тақырыбы: "Бұл палата жасанды интеллект технологиясын өнерге пайдасынан гөрі зияны көп деп есептейді". Қатысушыларға қойылған міндеттердің бірі өз ойын жетік жеткізу, басқаларды тыңдап, қарсыластарымен пікірталас жүргізуді үйрену ғана емес, сондай-ақ ұсынылған тақырыпты дәлелді түрде талқылау. Әр топ өз ұстанымын дәлелдейтін дәлелдер мен фактілерді келтіре отырып талқылады.
Іс-шара қызықты, жарқын және эмоционалды өтті. Балалар көпшілік алдында сөз сөйлеуден ұмытылмас тәжірибе алды.