Текст
Дарынды балалармен жұмыс аясында Балалар көркемөнер мектебінің 4 "Б" курс оқушысы Вуколова Ксенияның √1 мектеп-гимназиясында жеке шығармашылық көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде Ксенияның сурет, кескіндеме және станок композициясындағы оқу - шығармашылық жұмыстары (эскиздер, этюдтер, натюрморттар мен портреттер) ұсынылған. Шығармашылық табыс тілейміз, себебі алдымызда жас суретшіні жаңа көрмелер мен жеңістер күтуде.