16.09.2025
Балалар көркемөнер мектебінің педагогтері №2 және №6 мектеп-лицейлерінің оқушыларына «Бейнелеу өнері әлемі: қылқалам ізінен – шедеврге дейін» атты тақырыптық экскурсиялар өткізді.
Оқушылар бір күн бойы шығармашылықтың, сұлулық пен шабыттың ерекше әлеміне еніп, өнерге жақындады. Экскурсия барысында олар бейнелеу өнерінің негіздерімен танысып, нағыз туындылардың қалай дүниеге келетінін білді. Әр түрлі көркем бағыттар мен стильдер туралы жаңа мәлімет алып, мектептің тарихы мен бай шығармашылық өмірімен танысты. Сонымен қатар, талантты оқушылардың түрлі техникада орындалған дипломдық және емтихандық жұмыстарын тамашалады.
Бұл бір күндік сапар балаларға өнердің шабыт сыйлап қана қоймай, өзін және қиялын танып-білуге жол ашатынын көрсетті. Біздің мектептің есігі сурет салуды армандайтын әр балаға әрдайым ашық!



