Текст
Ұйымдар тізімі
02.10.2025
Балалар көркемсурет мектебінің үшінші курс оқушылары Ақан сері атындағы Жоғары мәдениет колледжіне барды. Жас суретшілер үшін дизайн бөлімінің студенттері мен оқытушылары қызықты әрі мазмұнды бағдарлама дайындады: кәсіптік бағдар беру бойынша әңгіме – хоббидің қалай мамандыққа айналатыны туралы,
аудиториялар мен шеберханаларға экскурсия – креативті идеялар туындайтын орындармен танысу; шығармашылық шеберлік сабақтары – жаңа форматта өзіңді сынап көруге және шабыт алуға мүмкіндік.

