Текст
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында, Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Өзгеше шынайлық» эко-арт-экспозициясының ашылауы өтті. Экспозицияда БКМ оқушыларының шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Ландшафт мүсіндері заманауи Треш-арт бағытында орындалған. Балалар сабақ барысында педагогтардың басшылығымен тастанды материалды, цементті, пластикті, сымды, ағашты пайдала отырып, тамаша жұмыстар жасайды. Балалардың шығармашылық жұмыстары сүйікті мектебіміздің интерьерін, сондай-ақ мектеп аумағындағы көгалдарды безендіреді.