«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының Балалар көркемөнер мектебі» МКҚК
ГККП «Детская художественная школа города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»​

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы бейнелеу өнері бойынша олимпиада

27.02.2026

26 ақпан күні Балалар көркемсурет мектебінде жалпы білім беретін мектептердің 12–13 жас аралығындағы оқушылары арасында бейнелеу өнері бойынша қалалық олимпиада өтті. Іс-шараның мақсаты: шығармашылық тұрғыдан дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамыту, оқушылар арасында бейнелеу өнерін дәріптеу. Олимпиадаға қала мектептерінен 34 оқушы қатысты. Олимпиада екі кезеңнен тұрды: үй тапсырмасы және байқау жұмысы. Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Дипломдар:

І дәрежелі — Орынбасарова Иманаррайан, №4 ЖОББМ;

ІІ дәрежелі — Татыбаева Алина, №1 ЖОББМ (Красный яр ауылы); 
Голоборщева Юлана, №2 ЖОББМ (Красный яр ауылы);

ІІІ дәрежелі — Жасугунова Жанель, №14 ЖОББМ;
 Курманбаева Ясмина, №16 ЖОББМ; 
Ибраева Лина, №5 «Таңдау» КМГ.

Олимпиаданың барлық қатысушылары Балалар көркемсурет мектебіне әңгімелесуден өтпей-ақ қабылдану мүмкіндігіне ие болады. Балаларды және олардың тәлімгерлерін құттықтаймыз! Жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!

Просмотров: 498


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст