"Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 2021 жылдың 25 қазанында Балалар көркемөнер мектебінде облыстық "Шеберлер қаласы: ата-бабалар мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз" атты өлкетанушылық сәндік - қолданбалы шығармашылығы көрме - байқауының қалалық кезеңі өтті. Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектеп, БКМ, МТЖО «Әулет» оқушыларының 66 жұмысы байқауға ұсынылды. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, «Палитра Синегорья» қауымдастығы сияқты байқаудың қазылар алқасы білікті мамандардан құралды.
«Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері» номинациясы
1 орын
Нұржан Сабина "Ұлттық құндылықтар" Көкшетау қаласының «Балалар көркемөнер мектебі» МКҚК
«Матадан жасалған бұйымдар (құрақ техникасы, жұмсақ ойыншық т.б.)» номинациясы
2 орын
Попова Валерия «Гейша»Көкшетау қаласының «Балалар көркемөнер мектебі» МКҚК
Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз!!!