Нұр-Сұлтан қаласы ҚР Ұлттық музейінде 16 қараша күні «Уақыт тоғысында. Батыс пен Шығыс» атты көрменің ашылуы өтті. Көрме авторлары екі талантты суретшілер – Булат Мекебаев (Германия) және Юлия Желобкова (Қазақстан). Суретшілердің өзіндік ерекше шығармашылық қолтаңбасы және әлемге көзқарасы бар, олардың шығармашылығы Отанға деген сүйіспеншілік пен өткен және қазіргі оқиғаларға қатысумен біріктірілген. Юлия Владимировна талантты суретші ғана емес , сонымен қатар қазақстандық үздік көркемөнер мектебінің жетекшісі болып табылатынын атап өту маңызды.
«Уақыт тоғысында. Батыс пен Шығыс» көрмесі Әлия Ахетова мен Павел Макаров авторы болып табылатын «Жер жұмағы - Қазақстан» кітабының тұсаукесеріне орайластырылған.Көрменің ашылуында мәдениет, өнер және білім қайраткерлері сияқты құрметті қонақтар қатысып, дарынды авторлардың шығармашылығын жоғары бағалады.