2018 жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасында «Туған жерім» XIV Халықаралық балалар шығармашылығы байқауының, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарын қолдау жөніндегі «Туған өлкем» республикалық бағдарламасының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.
«Туған жерім» XIV Халықаралық балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне естелік сыйлықтар мен дипломдарды ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Нелли Ширвина, Қазақстанның құрақ құрау шеберлері қауымдастығының президенті Тамара Штрошерер, Астана қ. Балалар көркемсурет мектебінің директоры Гүлзия Исенова, Астана суретшілері одағы басқармасының төрағасы Жанұзақ Мүсәпір табыстады.
Көрмеде сайыстың 50 жұмысы ұсынылған. Көкшетау қ. БКМ-нің оқушылары бұл байқауға жылсайын қатысады. Осы жылы III дәрежелі дипломмен Көкшетау қ. БКМ-нің оқушысы Анастасия Боровская (жет. Письмак Н.В.) және I дәрежелі дипломмен Сағыныш Қайролла (жет. Сердәлі Ә.М.) марапатталды.