Текст
«Көркемсурет мектебіндегі бір күн» іс-шарасы екінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Осы жылы «көркемсурет мектебінің» қонағы ретінде кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталығының балалары болды. Қонақтарды күтумен бүкіл мектеп айналысып, арнайы «Күзгі аукцион» қалалық сатылым көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрменің экспонаттары ретінде БКМ оқушыларының шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Көрменің әр қатысушысы сатылған жұмыстарынан қайырымдылық жарнасын бөлді. Сатқан тауар үшін түскен ақшаға кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталығының балаларына арналып жаңа жылдық сыйлықтар сатып алынды.