"Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстық "Шеберлер қаласы: ата-бабалар мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз" атты өлкетанушылық сәндік - қолданбалы шығармашылығы көрме - байқауының қалалық кезеңіне балалар көркемөнер мектебінің оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты: балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету; қатысушыларға жарыс түрінде өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көрсетуге мүмкіндік жасау; көркемдік және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмасу.
«Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым»
1 орын - Луганская Ксения «Гламурная гусеница»
«Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар»
1 орын - Ерешова Жанель «Құс қанаты»
«Матадан жасалған бұйымдар (құрақ техникасы, жұмсақ ойыншық т.б.)»
2 орын - Байгенжина Малика «Ксюша»
«Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері»
2 орын - Хамет Ақбота «Басқұр»
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жарқын жеңістер тілейміз!