Текст
Көктемгі мереке қарсаңында, Көкшетау қаласының «Әдебиет және өнер» мұражайында, ҚР Суретшілер Одағы жанындағы Жастар Бірлестігінің мүшесі, Балалар көркемсурет мектебінің мұғалімі Сарсенбаева Ақмарал Бөрібайқызының кескіндемелік және графикалық жұмыстарынан құралған «Көктемгі формат» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Қылқалам шебері өз шығармашылығының түрлі кезеңдері мен стильдеріндегі 28 суретін ұсынды. Көрме 18 наурызға дейін жалғасады.