Ұлттық Дельфий Комитеті Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен әріптестік барысында «Мейірімділік пен достық керуені» атты ақпараттық-ағарту керуені іс-шарасына Балалар көркемөнер мектебінің оқушылары қатысты.
ҚазҰӨУ профессоры, Еуразиялық дизайн академиясының академигі, Ұлттық Дельфийлік ойындардың қазылар алқасының төрағасы Ижанов Байконыр Ижанович бейнелеу өнері бойынша шығармашылық зертханасында балаларға шеберлік сабағын өткізді. Оқушылар өз жұмыстарында тақырыптық композицияларды бейнелеп, туған өлкенің сұлулығын, екі ел арасындағы достықты көрсетті.
ҚазҰӨУ-нің «Техника және дизайн» бөлімінің студенті, республикалық байқаулардың лауреаты Айтбек Нурай сәндік-қолданбалы өнер бойынша шығармашылық зертханасында шеберлік сабағын өткізді. Балалар жұқа киізден «Тұмар» және «Түс аулаушы» сияқты бұйымдар жасады.