Текст
Жастар жылы аясында, Көкшетау қаласының жаңа әрі заманауи IT мектеп-лицейінде Ақмола облысының әкімі Е.Б.Маржықпаевтың дарынды балалардың өкілдерімен кездесуі өтті. Балалар көркемсурет мектебінің атынан халықаралық, республикалық сайыстардың және Ақмола облысы үшін маңызды жобалардың бірі Ұлттық жастар Дельфий ойындарының жеңімпаздары қатысты.