«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының Балалар көркемөнер мектебі» МКҚК
ГККП «Детская художественная школа города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»​

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Сәуле Айтпаевамен бейне конференция

03.06.2019

         2019 жылғы 31 мамыр күні, халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақтелеком» АҚ мен «Бақытты бала» қоғамдық қорымен бірге, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Сәуле Айтпаевамен «Омбудсмен балалар» бейне конференциясы өтті.

Бейне конференция жұмысына Қазақстанның барлық аумақтарынан 248  бала қатысты, соның ішінде қалалық, аудандық және ауылдық мектептердегі ғылыми, әлеуметтік, шығармашылық жобалардың жеңімпаздары мен жас суретшілер, музыканттар, спортсмендер  болды.  Біздің мектеп атынан 2 курс оқушылары  Қалымбет Адина мен Қайроллақызы Сағыныш қатысты.  

Сәуле Мұханбедианқызы бейне конференция соңында балаларға ақыл-кеңесін берді. Балалардың қандай іспен айналысса да, қоғамда  өздерінің лайықты орындарын алудың маңыздылығын түсіндірді.

Просмотров: 326


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст