Көкшетаулық жас суретшілер үшін жаз пленэрден басталады! Пленэр – таза ауада сурет салу. Оқушылар табиғатпен тілдесе отырып, жарық көрінісінің заңдылықтарын ұғынады, өсімдіктер мен жануарларды, адамдарды зерттейді, пейзаж салу және үлкен кеңістікті жеткізу, сондай-ақ қозғалмалы затпен жұмыс істеу сынды жаңа міндеттерге тап болады. Біздің мектептің оқушылары үшін пленэр сүйікті әрі көптен күтілетін мерзім. Олар көтеріңкі көңіл-күймен, құлшыныспен қаламыздың көркем әрі ерекше жерлерін, туған өлкенің табиғатын суреттейді. Бұл - кіші Отанға деген жылы сезімді туындатуға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал етеді.
Пленэр барысында оқушылар бірігіп, ұжымда қолайлы жағдай туындайды. Пленэрдегі топтық жұмыс арқылы мектеп оқушыларының жобалық қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік пайда болады. Сюжеттік композицияны жоба ретінде құру үшін оқушылардың пленэрдегі нобайлары керек болады. Балалар өз жұмыстарын талқылап, жоба міндеттерінің тақырыбы мен шешімдерін ашатын, әлдеқайда тиімді шығармашылық жұмыстарын таңдайды. Сәтті шыққан этюдтер болашақта орындалатын шығармашылық жұмыстың негізі бола алады. Балалар жұмыстарынан құралған көрме, оқушылардың жұмыстарын ұжымдық талдау, жетістіктер мен кемшіліктерді талқылау, басым бағыттарды анықтау сынды іс-әрекеттер пленэрдің логикалық қорытындысы болып саналады.