Текст
Мектебіміздің мұғалімдері Соловьева Татьяна Александровна және Письмак Наталия Владимировна Ақмола облыстық әдебиет және өнер музейі ұйымдастырған, Ақмола облысы суретшілерінің көшпелі пленэріне қатысты. Пленэр көз тартар сұлулығы бар «Бурабай» курортында өтті. Жаңбырлы ауа райына қарамастан, пленэрдің барлық қатысушылары бірнеше этюд жасап, ұйымдастырушылардың атынан мадақтама және «Қылқалам жыры» атты жұмыстар каталогымен марапатталды.