Текст
Мүсіндік жұмыстардың көбін оқушылар түрлі уақытта орындаған, олар мектеп ауласына сән беріп, қала тұрғындарының көз жауын алады. Мектепте жасампаздыққа, сұлулыққа, мұғалім-оқушы және ата-аналар ынтымақтастығына негізделген, ландшафтты дизайн тұжырымдамасы бар. Бұл тұжырымдама көмегімен оқушылар сәулеттік элементтерді тәжірибе барысында қолдануға, өзінің жетістіктері үшін мақтануға, қоршаған ортаны жақсартуға және сақтауға, өзің әлемді түрлендіретін туындыгер ретінде сезінуге мүмкіндік алады.