Текст
13 маусым күні, Көкшетау қаласының 195 жылдығына арнап, Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Қаламыздың көрікті әрі танымал орындары бейнеленген суреттерді қала тұрғындары «Көкшетау» МҮ мен қалалық саябақтың аллеясында зор қызығушылықпен тамашалады. БКМ-нің мұғалімі А.Б.Сарсенбаева көрме бойынша экскурсияның жүргізушісі болды.
Оқу-тәрбие үрдісінің негізгі міндеті – оқушыларды азаматтық және патриоттық сезімдерге, кіші Отан мен сүйікті қаланы құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл міндеттер ойдағыдай орындалып жатыр. Облыс әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев көркемсурет мектебінің ұжымына алғыс айтып, шығармашылық жетістіктер тіледі.