Текст
27.07.22 ж. әдебиет және өнер мұражайының ұйымдастыруымен Ақмола облысы суретшілерінің "Қылқалам жыры" атты шығармашылық жоба-пленэрі өтті, оған БКМ мұғалімдері Д. Н. Магзумов және А. Б. Сарсенбаева қатысты. Ашық ауада суретшілер күн шуақты, жазғы пейзаждардан шабыт алып, өз жұмыстарында туған өлкесінің сұлулығын кенептер мен қағазға көшірді. Пленэрдің басты нәтижесі- қуанышқа толы шығармашылық жұмыстар.