Текст
«Туған өлкем» республикалық жобасы аясында, 23 қазан күні Нұр-Сұлтан астанасындағы ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында, Көкшетау қ. БКМ оқушыларының дипломдық жұмыстарынан құралған көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде И.В.Максимова, Д.Н.Мағзұмов, Р.Ю.Эгамов, Н.А.Булгакова үздік жұмыстар мен үздік жетекшілік үшін дипломдармен марапатталды. БКМ-нің мұғалімі әрі суретшілер одағы жастар бірлестігінің мүшесі А.Б.Сарсенбаева және БКМ-нің мұғалімі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Соловьева Т.А. Нұр-сұлтан қаласының БКМ оқушыларына арналған шеберлік сыныптарын өткізді.