Текст
25 қазан күні даярлау курсының оқушыларына арналған «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты отбасы құндылықтарына дағдыландыру. Іс-шара әңгімелесу және ойын түрінде өтті. Көрме іс-шараның қорытындысына айналды. Іс-шараға оқушылардың ата-аналары қатысты. Дайындаған – Кульмаганова Салтанат Бейсембекқызы. БКМ-нің бірінші қабатында «Отбасы құндылықтары» атты дипломдық жұмыстардың көрмесі ашылды. Суреттердің сюжеттері отбасы дәстүрлерін қалыптастыруға, ата-аналар мен аға буындардың өзара қарым-қатынасына арналған.