Текст
Балалар көркемсурет мектебінде Көкшетау қ. жалпы білім беретін мектептердің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдері арасындағы бейнелеу өнері бойынша екінші олимпиадаға қатысқандардың сайыстық жұмыстарынан құралған көрме ашылды. Олимпиада қатысушылары натураға қарап натюрморт суретін салды. Тапсырманың мақсаты – кеңістікті, материалдылықты және пропорцияны жеткізу. Сондай-ақ акварельді меңгерудің техникалық дағдыларын көрсету.