Текст
5 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Шахтинск, Қарағанды және Көкшетау қ. көркемсурет мектептері оқушыларының дипломдық жұмыстарынан құралған қорытынды көрменің жабылу салтанаты өтті. Көрменің нәтижелері бойынша үздік оқушылар мен олардың жетекшілері марапатталды. «Дипломдық жобаның үздік жетекшісі» атағына Көкшетау қ. БКМ-нің жоғары санатты мұғалімі Максимова Ирина Владимировна ие болды. «Үздік шығармашылық жұмыс» дипломымен Канапина Назиля мен Панченко Ирина марапатталды.