Текст
2022ж. 16.12 Балалар көркемөнер мектебінде 2022-2023 оқу жылының 1 жартыжылдығының қорытындысы Жалпымектептік есеп беру ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста мектептің директоры Ю.В.Желобкова БКМ қаржылық-шаруашылық қызметі туралы сөз сөйледі. Директордың орынбасарлары Н.В. Письмак пен О.В.Яковлева 2022-2023 оқу жылының 1 жартыжылдығының оқу-тәрбие жұмысы қорытындыларымен таныстырды. Жиналыс жұмысында БКМ мұғалімдері Д.Н.Магзумов, Ә.М.Сердәлі , А.Б.Сарсенбаева қатысты, олар өздерінің сөз сөйлеулерінде көркемөнер мектебіндегі шығармашылық, қорытынды, жеке жобаның орындалуы мен қорғалуы жөнінде айтып берді. Сонымен қатар, жиналыста жалпымектептік ата-аналар комитетінің сайлауы өтті.