Дарынды балалармен жұмыс жүргізу аясында 2023 жылдың 1 ақпанында №2 мектеп-лицейінде Балалар көркемөнер мектебінің оқушысы Хасен Асылханның жеке шығармашылық көрмесінің ашылуы болды. Асылхан білімді белсенді меңгереді, оқу тапсырмаларын орындауда жоғары жұмыс қабілеттілігін көрсетеді, көркемөнер қызметінде маңызды қасиеттерінкөрсетті, мысалы: шығармашылық қызығушылық, мақсатына жетем деушілік, еңбексүйгіштік.
Көрмеде оқу кескіндемелік және графикалық және шығармашылық жұмыстар, 1-ден 3 курсқа дейінгі сюжеттік композициялар ұсынылды. Олардан дарынды оқушының шығармашылық дамуын көруге болады. Әрбір жұмыс жеке және ерекше орындалған. Асылхан - мектептің шығармашылық өмірінің белсенді қатысушысы.Байқаулардың, көрмелердің және облыстық, аймақтық және халықаралық деңгейлердегі фестивльдардың ұдайы қатысушысы.
Құттықтаймыз және келесіде шығармашылық жетістіктер тілейміз!