Текст
Балалар көркемсурет мектебінде «Компьютерлік графика» пәні бойынша оқу жұмыстарының қорытынды көрмесі ашылды. «Компьютерлік графика және дизайн» пәні бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты -компьютерлік графика және дизайн арқылы тұлғаның шығармашылық дамуына жағдай жасау. Оқушылар заманауи компьютерлік бағдарламалардың аспаптарын және графикалық бейнені жасау әдістерін зерттеу нәтижесінде көрмеге арналған жұмыстарды дайындады.