«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының Балалар көркемөнер мектебі» МКҚК
ГККП «Детская художественная школа города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»​

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Шеберлер қаласы» көрме-сайысы

19.02.2020

 2018 жылдан бастап, жылсайын «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Шеберлер қаласы: ата-бабалар мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз»  атты өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығы республикалық  көрмесінің қалалық кезеңі  өткізіледі. Сайыстың мақсаты -  балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету; қатысушыларға жарыс түрінде өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көрсетуге мүмкіндік беру; көркемдік және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмасу. 2020 жылғы көрмеге Көкшетау қ. жалпы білім беретін мектептердің 273 оқушысы қатысты. Сайысқа  белсенді қатысқандар: №17 ОМГ (67 жұмыс), №2 КОМ (25 жұмыс).

Көрмелік жұмыстарды Қазақстан Суретшілер Одағының мүшелері, балалар көркемсурет мектебінің мұғалімдері құрамындағы кәсіби қазылар алқасы бағалады. Қалалық кезеңде жеңіске жеткендер сайыстың облыстық кезеңіне қатысады.

«Табиғи материалдардан жасалған бұйым» номинациясы бойынша 1 орын - Асадов Алишер, «Әулет» МТЖО «Виртуоз резца» үйірмесі, Красный-яр с.;

«Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар» номинациясы бойынша 1 орын - Искакова Аделя, IT мектеп-лицейі;

«Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым» номинациясы бойынша 1 орын - Неклюдова Виктория, «Балалар технопаркі»;

«Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері» номинациясы бойынша 1 орын - Хуатбекұлы Еркебұлан, № 17 ОМГ;

«Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы» номинациясы бойынша 1 орын - Хамитов Диас, №11 ОМГ;

«Матадан жасалған бұйымдар» номинациясы бойынша 1 орын - Шлыкова Дарья,  №15 НМ;

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 302


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст