24-25 тамыз күндері Өскемен қаласында қосымша білім беру ұстаздарының "Қосымша білім берудегі инновациялық тәжірибелер" секциясы, "Тамыз- 2023" ұстаздардың тамыз конференциясысының пленарлық сессиясы, Республикалық конференциясы өтті.Ақмола облысының делегациясын Ақмола Дарыны талантты жастары мен дарынды балаларды анықтау және қолдау жөніндегі орталық басшысының орынбасары Қаскулакова Бақыт Кенесовна,Щучинск қаласының "Арман" жасөспірімдер- балалар шығармашылық орталығының директоры Тургожина Айгуль Айтжановна, Біржан Сал ауданының БММ директоры Куртабиева Гүльмира Амангельдиновна, Көкшетау қаласының БКМ директорының орынбасары Яковлева Оксана Вениаминовна ұсынды. Барлық іс- шаралар өте мазмұнды,толық мағыналы болды және қосымша білім беруді дамыту мәселелерін өзекті түрде талқыланды, ұсыныстар берілді.Әрбір ұстаздар конференциясының қатысушысы өзін қызықтыратын сұрақтарға және ойлануға өзекті жауаптар алды.