Текст
29 ақпан күні Балалар көркемсурет мектебі Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шараға қатысты. Іс-шараны гуманитарлық-техникалық лицейдің оқушылары дайындады. БКМ әрі ГТЛ оқушысы Елизавета Гонаго қазақстан суретшілерінің туындыларындағы Абайдың бейнесі туралы баяндады. Іс-шара аясында БКМ оқушыларының ұлы ақынның поэзиясына арналған шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті.