Текст
17.11.2023 ж Балалар көркемөнер мектебінде тәрбие жұмысының жоспары бойынша оқушылар арасында пікірсайыс өткізілді. Пікір талас ойындары оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын, шығармашылық бастамасы мен көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін дамыту, сыни және аналитикалық ойлауды дамыту мақсатында өткізілді. Әр топ өз ұстанымдары бойынша пікірталас жүргізіп, дәлелдер мен фактілер келтірді. Осылайша әркім өз пікірін білдіріп, мәселені талқылауда белсенділік танытты. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және бұл қатысушылар үшін өз көзқарасын қорғауда және шешендік шеберліктерін шыңдауда тамаша тәжірибе болды деп сенеміз!