2020.02.04-де Көкшетау қ. БКМ-нің бастамасымен, РҚББОӘО көмегімен «Бала тұлғасының мүддеcіндегі мектеп пен отбасы серіктестігі үшін жаңа кеңістік- қашықтықтан оқыту» онлайн конференциясы өтті.
Конференцияның модераторы әрі спикері ретінде Көкшетау қ. БКМ директорының ОI бойынша орынбасары Письмак Н.В. сөз сөйледі. Конференцияда 100 қатысушы жұмыс істеді. Конференцияның спикерлерi: БКМ-нің мұғалімі Мишин С.Н., БКМ-нің 4курс оқушысы Аман Ерназ және оның анасы. Көкшетау қ. БКМ қысқаша аралықта жинаған тәжірибесімен бөлісіп, оқушылармен қашықтықтан жұмыс істеу тәжірибесі көрсетілді. Конференция модераторы Н.В.Письмактың білікті жұмысын атап кеткен жөн. Ол қатысушылардың сұрақтарына нақты әрі сауатты жауап бере алды. Конференция барысында пайдалы ұсыныстар да айтылды. Конференция жұмысын РҚББОӘО директорының орынбасары Л.А. Атажанова аяқтады.