Пленэр - табиғатқа шығып құбылыстарды түрлі түсті бояу мүмкіндіктері арқылы тікелей жазу, бейнелеу дегенді білдіреді. Оқушылар табиғатпен тілдесе отырып, жарық көрінісінің заңдылықтарын ұғынады, өсімдіктер мен жануарларды, адамдарды зерттейді, пейзаж салу және үлкен кеңістікті жеткізу, сондай-ақ қозғалмалы затпен жұмыс істеу сынды жаңа тапсырмаларға тап болады. Біздің мектептің оқушылары үшін пленэр сүйікті әрі көптен күтілетін мерзім. Осы жылғы пленэр қашықтықтан жүргізілгендіктен, ерекше сипатқа ие болды. Алайда пленэр белсенді өтуде. Мұғалімдер өздерінің оқушыларына арнап түсініктемесі мен мысалдары бар бейне сабақтарды әзірледі. Балалар қауіпсіздік техникасының барлық ережелерін және бетперде тәртібін ұстана отырып, өз аулаларында этюдтер мен долбарларды орындап жатыр. Аулада ағаш, гүл, саяжол, балалар сынды көптеген натуралар бар. Бұлардың бәрі пленэр бағдарламасына сай келеді.