Текст
Оқушылардың бейнелеу және көркемдік-құрылымдық қабілеттерін, сондай-ақ қалыптан тыс ойлауларын, шығармашылық дербестіктерін дамыту Бағдарламаның ерекшелігі болып табылады. Ал осы жылғы пленэрдің ерекшелігі - қашықтықтан оқыту. Балалар мәліметті толық көлемде меңгеріп, барлық тапсырмаларды бағдарламаға сай орындады және оқу жылын аяқтады! «Пленэр» пәні дәстүрлі оқытуға, әр оқушыға жеке-саралап қарауға, көркемдік-бейнелік ойлауды дамытуға, рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруге, бейнелеу өнері саласында дарынды балаларды анықтауға бағытталған. Мектептің барлық оқушылары тапсырма алып, жазғы демалысқа шықты. Қыркүйек айында барлық оқушыларды жаңа күшпен және көптеген әсерлермен күтеміз.